8.10.2021, 11:34
Оқылды: 13

Мектепте еш қауіп жоқ

Жақында облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Махамбет Сұлтанғалиевтің жетекшілігімен өткен отырыста №20 орта мектептің бастауыш сыныбының бір топ ата-аналарының шағымы қаралды. Отырысқа жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, білім беру бөлімінің, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2021-10-08 at 11.31.37

Белгілі болғандай, ата-аналар балаларының бұрынғы М.Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп-интернатының ғимаратында білім алуына алаңдаулы. Олар «Жергілікті мемлекеттік құрылымдардың бұл шешімі қаншалықты  заңды?  Ғимарат балалар денсаулығына қауіпсіз бе?» деген сұрақтарға жауап алу мақсатында  партияға жүгінген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті  партия тарапынан жолданған ұсынысты қабыл алып, ZOOM онлайн платформасы арқылы қосылып, кәсіби тұрғыда барлық туындаған сұрақтарға жауап берді. Аталмыш комитеттің басқарма басшысы М.Рахимжанова,  фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының фтизиопедиатр-дәрігері Л.Кастыкбаева балалардың бұл ғимаратта оқуына ешқандай кедергі немесе қауіп жоқ екендігін баса айтып, бірнеше айға жалғасқан дауға кәсіби тұрғыда жауап берілді.

Партиялық алаңда ата-аналар республикалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне толғандырған сұрақтарын қойды. Ата-аналар тобының заңды өкілі, заң кеңесшісі Әсел Искакова жергілікті атқарушы құрылымдарға жолданған сауалдарға көңіл көншітерліктей нақты жауап алмағандығын алға тартты.

WhatsApp Image 2021-10-08 at 11.31.39

Жиында мектеп жанында орналасқан жанармай бекеттерінің орналасуы да ата-аналар назарынан тыс қалмады.  Бұл мәселе бойынша комиссия тарапынан ресми түрде  мемлекеттік құрылымдарға сауал жолданбақ. Сондай-ақ қалалық білім беру бөліміне мектеп мұғалімдері мен ата-аналар көтерген этикалық бағыттағы сұрақтарға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Мектеп ауласын абаттандыру, жөндеу жұмыстары жөнінде  туындаған қосымша сұрақтар бойынша құзырлы құрылымдарға ұсыныстар жіберілмек.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале