8.10.2021, 17:13
Оқылды: 34

Батумиде 5 қабатты тұрғын үй опырылып құлады

Бүгін Грузияның Батуми қаласында бес қабатты тұрғын үй опырылып құлады, деп хабарлйды ҚазАқпарат Грузия Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.

211008163804779a3846537i
Батумидің орталығындағы бес қабатты корпус бүгін түс уақытында қирады. Ғимарат 26 мамыр және Абашидзе көшелерінің арасында орналасқан. Қирандылар астында қалған автокөліктен әйел мен оның 6-7 жасар баласы шығарылды. БАҚ-тың хабарлауынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық, оған оқиға орнында жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетті. Құтқарушылар қирандыларды кранның көмегімен көтеруде. Қазірдің өзінде үйінді астынан бірнеше адам шығарылды.

Сонымен қатар ғимараттың жанында тұрған 10 автокөлік басылып қалған. Кейбір куәгерлердің айтуынша, үйдің опырылып құлауына жарылыс себеп болған. «Пирвели» телекомпаниясының мәліметінше, ғимараттың қираған бөлігінде 12 пәтер болған. Көршілес ғимараттарда да жарықтар пайда болған. Үйдің құлау себебін ресми органдар әзірге айтпады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар деп болжанады, алайда әзірге олардың саны туралы да мәлімет жоқ.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале