Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қайырымдылық айлығы аясында Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Толағай» эстафеталық сайысы өтті.
Сайыстың ашылу салтанатында «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты ойын көрсеткен команда мүшелері 7 кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Д.Сатанғалиева, аталмыш бөлімнің кеңесшісі Г.Жанғожиева, «Қайсар» спорт клубының әдіскері Е.Боранқұлов «Толағайлардың» ойынын бағалады.
Сайыс қорытындысы бойынша, ІІІ орынды «Ақ Сұңқар», ІІ орынды «Алға», І орынды «Қыран» командалары иеленді.
Әр кезеңге бөлінген сайыс арасында Альбина Юностиева «Ана сен бақыттысың» өлеңін оқып, жүректі бір тебірентті.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, кейіннен жеке кәсіпкерлер Гүлфия Нығметова мен Тәттім Халықованың демеушілігімен тәтті үстел ұйымдастырылды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz