12.10.2021, 10:04
Оқылды: 75

Шолохов мұражайының мерейтойы

Дариян ауылындағы мәдениет үйінде М.Шолохов атындағы мұражай кешенінің мерейтойына арналған кеш өтті. 20 жыл бұрын мұражай кешенінің құрылуы аймақ үшін маңызды оқиға болды. Қазіргі таңда Дариян ауылы аймақтың ғана емес өңірдің де мәдени орталығына айналды.

WhatsApp Image 2021-10-12 at 10.03.07

Мемориалдық кешеннің басшысы кеш қонақтарына құрмет көрсетіп, сахнаға шақырды. Қонақтар мұражай кешенінің қалай құрылғаны, ерекшеліктері, қалыптасу кезеңдері жайлы біраз мағлұмат айтты.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Табылғали Сапаров 2001 жылы Бәйтерек ауданының әкімі болды. Оның тікелей басшылығымен қиындыққа қарамастан құлаған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұны жаңа құрылыс десек те болады.

– Тәуелсіздік алған жылдары ел қиын-қыстау кезеңді бастан кешті. Көпшілігі түскі асқа нені талғажау ететінін, мектеп жасындағы баласына қандай киім кигізетінін білмеді. Бірақ біз Тұңғыш Президенттің басшылығымен қиындықтарға төтеп бердік, жеңдік және тек экономикалық хал-ахуалды жақсартқан жоқпыз, рухани жаңғыруды да бастадық. Музей кешені осы жолда алғашқылардың бірі болды. Музей кешенінің арқасында ұрпақтар арасындағы байланыс, халықтар дәстүрінің сабақтастығы сақталды. Кешен - ұлы жазушының мұражайы ғана емес, ұлт мәдениетінің қайнар бұлағы, құндылықтардың бастауы. Құрылыс жұмыстарына демеушілер, еріктілер, мәдениет жанашырлары көмектесті. Бүгінгі нәтижеге олардың көмегінсіз қол жеткізе алмас едік. Барлығына шын жүректен алғыс білдіремін, – деді Табылғали Сатқалиұлы.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов ауданды басқарып тұрған кезде мұражай кешені халықаралық деңгейге көтерілді. Зеленов ауданы мен РФ Ростов облысының Шолохов ауданы арасында достық-ынтымақтастық келі-сім-шартына қол қойылды. Н. Корсунов атындағы халықаралық әдеби байқау ұйымдастырылды. «Шолохов көктемі» халықаралық байқауына қатысу үшін Вешен-ская ауылына тұрақты саяхат жүргізілді.

– Ұлы жазушы Михаил Шолоховтың біздің өңірде өмір сүргенін мақтан тұтамыз. Оның айналасына мейірімді, адал адамдар жиналды. Ол «Еділде казак, Оралда қазақпын» деп бекер айтпаған, – деді қонақтарды мұражай мерейтойымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

Мұражайдағы барлық іс-шараға жазушының достары міндетті түрде шақырылады. Мерейтойға «Старый Уральск» қайырымдылық қорының директоры Геннадий Мухин мен Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Сергей Быков келді. Кеште мәдениет үйі мен Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары өнер көрсетті. Құрылғандарына 20 жыл толған этно-мәдени бірлестік өкілдері «Дариян ауылы» әнін шырқады.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале