13.10.2021, 11:17
Оқылды: 79

Дариян ауылында плоггинг акциясы өтуде

Соңғы жылары плоггинг, яғни жүгіріп жүріп, айналаңды тазарту қарыштап дамуда. Әлемге таныла бастаған спорт пен сенбіліктің қосындысы, әсіресе жас ұрпақ арасында кеңінен танымал. Салауатты өмір салтын ұстану және табиғатқа деген қамқорлықтың үйлесімділігі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны рас.

7

Аталған  спорт түрі бойынша «Birgemiz: Taza Alem» атты жалпыұлттық жобасы іске асырылуда. Ел көлемінде қолға алынған экологиялық «Жүгір және тазала» плоггинг акциялары өткізіліп жатыр. Туған ауылының таза болғанын қалайтын Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай атын иеленген мектеп-гимназия-интернатының «ЖасҰлан» ұйымы мүшелері  плоггинг акциясынан қалыс қалмады.

Спортқа жаны құмар, тазалықты сүйетін оқушылар мен ұйым мүшелері мектепті айнала жүгіріп отырып, шашылған қоқысты жинап шықты. Ерекше бастамаға қызыға қатысқан шәкірттер аз ғана уақыттың ішінде бірнеше полиэтилен қапты қоқысқа толтырып, арнайы орынға жинады.

6

Шара жарыс түрінде өткізілгендіктен, белсене қатысқандарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Мектеп ұстаздары осындай жаңа бастамаларды қолдап, атсалысуға әрдайым дайын екенін айтуда. Баршаңызды салауатты өмір салтын ұстана отырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырамыз.

 Айдана Сапиева,

Абай атындағы мектеп-гимназия

интернатының тәлімгері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале