13.10.2021, 13:14
Оқылды: 38

Мектепке құдық қаздырып берді

Туған жерге, ауылға деген махаббат алыста жүріп, Бауыржан Ширмединұлының "Қалаға хат" өлеңің оқыған кезде немесе бір ауылдасыңды көргенде ғана еске түспеуі керек. Елім деп, ет жүрегі елжіреп, елеңдейтін азаматтар некен-саяқ. Сондай елжанды ерлердің  бірі – Бергенбайдың Ерланы.11Қолыңда бір кәмпитің артық болса,

Алып кел ауылыңның баласына,- деп, Бауыржан інім жырлағандай, ауыл балаларын қуантуға тырысып жүретіндердің бірі, ауылдасымыз ақ жүрек азамат – Ерлан Бергенбайұлы. Дабыра қылып, жария етпей, бүлдіршіндерге тәттілерін үйлестіріп жүретіні немесе оқу құралдарын беріп жіберетіні  де ауылдастар үшін таңсық емес.

Көгеріс ауылы – шағын ғана, 50 үй түтінін түтеткен ауыл. Бірлігі жарасқан ауыл бірінің жыртығын бірі жамап, уақыт ағымына ілдебайлап ілесіп келеді. Асарлатып мәдениет үйін салуды бастағанда осы Көгеріс ауылы болатын. Ауылда өтетін қандай іс-шара болсын, жұмыла кетіп, ұйымшылдықтарының арқасында көз сүйсінер көзайым, көңіл толар толайым істер атқарып келеді. Көгерістің көргенді азаматтары өз-өздерін қуантып, ауылда  атымтай жомарт демеушіде болып келеді.

10

Ауылымыздың мектебінде шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесін шешіп, Орал қаласынан арнайы мамандар жіберіп, тереңдігі 42 метр болатын құдық қаздырып, су тартып берді. Мектепке ауыз су ауадай қажет еді,енді мектепте ішкі әжетханада болады. Құдық қаздыру– шариғатымызда шарапаты мол, сауапты іс. Бергенбай Ешмұхановтың әулетіне көгерістіктер ауыл болып ризашылық білдіріп, ақ батасын жаудыруда.

Көгеріс десе, соңғы тиынына дейін беруге дайын тұратын Ерлан асып-тасып жатқан байлықтың да иесі емес. Ақсай қаласында вахтада жұмыс жасайтын қарапайым азамат. Елге, жерге деген махаббатынан мәрттік танытқан ол, кейбір жырақта жүрген ауылдастарымызға үлгі.

Байжан Изимов,

Сырым ауданы,

Көгеріс ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале