13.10.2021, 17:43
Оқылды: 42

Елімізде қайта вакциналау тәсілі әзірленді

Қазақстан халқын қайта вакциналау тәсілі әзірленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

18B87955-8AD3-4DF8-B6E6-CD4BB6CADBC9
«Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация тәсілін әзірледі. Аталған мәселе елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қаралды», - деп жазды А. Цой өзінің Facebook парақшасында.
Министрдің айтуынша, індетке қарсы вакцинаны толық алған адам араға 6-9 ай уақыт салып қайта екпе алуға болады. Сонымен қатар, А.Цой ревакцинация кезінде ескерілуі тиіс жайттарды алға тартты.
– Векторлық (Спутник) вакцина алған жандар 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинацияланады; - Инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина алған жандар векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинацияланады; -М-РНК вакцинасымен (Pfizer) екпе алған жандар 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинацияланады;

– Толық вакцина алғаннан кейін КВИ-ге шалдығып сауыққаннан кейін 3 айдан соң қайта вакцина алуына болады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарашаның соңында ел аумағында ревакцинациялау басталады.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале