ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арнап Теректі ауданының прокуратура қызметкерлері 30 түп жас көшет отырғызды. Ағаш отырғызуға аудан прокуроры Равиль Мажитов және аудандық прокуратура қызметкерлері қатысты.
Теректер Кеңес Одағының батыры Иван Зреловтың көшесіне егілді. Сол жерді "Прокуратура аллеясы" деп атады.
Иван Зрелов даңқты капитан, Ұлы Отан соғысында көп ерлік көрсеткен қаһарман тұлға. Соғыстан кейін Теректі ауданы Феодоровка ауылында тұрып, осы жерде дүниеден өткен.
Батырдың көшесіне "Прокуратура аллеясын" жасаған қызметкерлер енді оны күтіп-баптауды да қолға алмақ ниетте.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz