16.10.2021, 17:40
Оқылды: 45

Бәйтеректік спортшы республикалық "Ақбидай-2021" VII ауыл спорты ойындарында қола жүлдегер атанды

Төрт жылда бір келетін "Ақбидай-2021" республикалық VII ауыл спорты ойындары биыл Ақтау қаласында өтіп жатыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараның жуырда президенттік көпсайыс бағыты бойынша  жарысы аяқталды. Бірнеше спорт түрін біріктірген, мықтының мықтысы ғана қатысатын додада өңір намысын қорғаған байтеректік Ляззат Тулепбергенова қола жүлде иеленді.

434B3C14-AB83-41F9-AFDB-46363C86157F

Январцев ауылында спорт әліппесін ашқан жас көпсайысшының айтуынша, жарыс қиынға соққан. Алғашқы күні 100 метрге шапқаннан соң алтыншы орынға тұрақтаған Ляззат граната лақтырудан соң төртінші орынға көтерілген.

- Жарыстың үшінші күні 50 метр қашықтыққа жүздік. Оның қорытындысында төртінші орынды сақтап қалдым. Одан соң оқ атудан сынға түстік. Ол менің сүйікті жаттығуым. Үздік нәтиже көрсетіп, үшінші орынға көтерілдім. Ал соңғы күнгі кросс сынында қола жүлдені уысымнан шығармауға тырыстым. Командаластарым мен бапкерімнің көмегі арқасында жүлдеге іліктім, - дейді спортшы Ляззат Тулепбергенова.

42D9E03F-919C-46E7-B7C1-BA1AD5F3DB70

Еліміздің ең үздік спортшылары қатысқан бәсекеде үздік үштікке ілігудің өзін үлкен жетістікке балайтын Ляззат алдағы уақытта бұдан да мықты жарыстарда жүлде салуды көздеп жүргенін жасырмады.

F0D11936-4ADD-4B74-BAB6-358F864B1A3F

19F427BB-988E-4703-B594-B81F9544D319
Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале