Бүгін Жәнібек ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында он екі пәтерлі екі тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды. Салтанатты шараға аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, көп балалы отбасылар мен тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.
Сондай-ақ ол үлкен еңбек атқарған «ЭнергоРемСервис» ЖШС-і, инженерлік-инфрақұрылым желілері мен абаттандыру жұмыстарын жүргізген «ЖайықСити» ЖШС-нің жұмысшыларына алғыс айтып, «ЭнергоРемСервис» ЖШС-інің басшысы Максим Рудьке өз атынан алғысхат табыс етті. Өз кезегінде Максим Юрьевич құрылыс кезінде қиыншылықтар болса да, бәрінен өткеніндігін жеткізіп, пәтер иелерін құттықтады. Әрмен қарай аудан басшысы іргесі қаланған құтты шаңырақтың кілтін жаңа қоныс иелеріне табыс етті.
Пәтер иелерінің атынан Ақтоты Жұматова сөз алып, 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, толық емес отбасы санаты бойынша кезегі жетіп, баспаналы болғанының қуанышын жеткізді. Осы күнге жеткізіп, қуаныш сыйлаған басшылық пен мердігерлерге алғыс білдірді.
Айта кетейік, 24 пәтердің он алтысында көп балалы отбасы қоныс тойын тойлауда. Қалған сегіз пәтерге кезекте санат бойынша тұрған тұрғындар қол жеткізді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz