20.10.2021, 23:50
Оқылды: 53

Қорғаныс министрлігі тұрғын үй мәселесін талқылады

Қарулы күштердің ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде отырыс өтті.

1111

Оған парламент мәжілісінің депутаттары, қорғаныс, қаржы, әділет министрліктерінің, Жоғарғы соттың, әскери прокуратураның, елорда Әкімдігінің, «Қарулы Күштер ардагерлерінің кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері және бұрынғы әскери қызметшілер қатысты.

Қолданыстағы заңға сәйкес күнтізбелік есеппен 20 және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер тұрғын үйді ақысыз жекешелендіруге немесе ақшалай өтемақы төлемін алуына болады. Сондай-ақ әскери қызметтегі өтілі 10 және одан асқан, алайда 20 жылдан аз уақыт әскери қызметте болған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемалы болды.

"2018 жылы тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізілгеннен кейін шекті жасқа жеткен, еңбек өтілі жеткіліксіз әскери қызметшілер қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік қордағы пәтерге ауыстыруға мүмкіндік алды. Олардың бір бөлігі әскери қалашықтағы қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығымен, еліміздің түрлі өңірлеріндегі пәтерлерге ауыстыру тетігін пайдалануға ниет білдірді" , – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Дереккөз:Nur.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале