Оралдағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Журналистер арасында дін саласы жайындағы ең үздік БАҚ жарияланымдары» атты байқау қорытындыланды. Аталмыш шараны БҚО прокуратурасының қолдауымен, «Жайық таңы» қоғамдық бiрлестiгi ұйымдастырды.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан БҚО прокуроры Жандос Жәнібекұлы жеңімпаздарды марапаттады.
Теректi аудандық «Теректi жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетiнiң фототiлшiсi С.Жаметова «Үздік әлеуметтік желі материалы» аталымы бойынша II орынды (70 000 тг) жеңіп алды.
Сонымен бірге байқауға белсендi қатысқаны үшін газетіміздің директор-редакторы Ә.Орынбасаровқа алғысхат табысталды.
Байқау жеңiмпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан әр аталым бойынша ақшалай сыйлықтар, жүлдегерлерге ынталандыру сыйлығы есебiнде Sulpak техникалық дүкендер желісінің 10.000 теңге көлемінде ақшалай сертификаты берiлдi.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz