21.10.2021, 17:40
Оқылды: 44

Түбіртек бермейтін сатушылар туралы хабарлағандар сыйақы алады

 Қазақстанда "Азаматтық бақылаутүбіртекті талап ет" акциясы өтуде. Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегінің берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021102117261289021_2021102116370027089_photo_2021-10-21_16

Акция 2021 жылғы 20 қазаннан басталды.

"Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Барлық азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале