Жуырда ҚР Кәсіподақтар күніне орай Орал қаласындағы Достық үйінде БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 37 мыңнан астам мүше бар. Салтанатты жиында облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев білім және ғылым саласының дамуына үлес қосқан бір топ еңбек ардагерін құттықтады. Олардың қатарында Асқар Акишев, Өтебай Құспанов, Александр Мозжухин, Күншығар Ильясов, Күнсұлу Шакенаева, Найла Нарбулова, Сауле Жандалиева, Дина Джангазиева, Татьяна Подгорная, Нұрғаным Жолданова сынды еңбек ардагерлері бар.
Басқосуда бірқатар қызметкерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың арасында «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры Софья Ізмұхамбетова мен жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры Бауыржан Атауов, қалалық маслихаттың депутаты Серік Мухамбеталиев бар.
БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев кәсіподақ қозғалысын дамыту мен жетілдіруге сіңірген еңбегі үшін бір топ білім беру саласының қызметкерін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ Түркістан қаласында өткен «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқауының жеңімпазы Гүлзада Ғарифуллина Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты мен 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Ол – Тасқала ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Салтанатты іс-шарада М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері ән айтып, жиынды қорытындылады.
БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің
Кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
zhaikpress.kz