25.10.2021, 17:55
Оқылды: 44

Жол ережесін бұзу фактілерінің 44 пайызын бейнебақылау камерасы анықтаған

Елімізде жол қозғалысы ережесін бұзудың 44 пайызы бейнебақылау камерасының көмегімен анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

6

Жол қозғалысы ережесінің сақталуын қадағалау саласына да цифрландыру енгізіліп жатыр. Мысалы, ел бойынша жолдарда 13 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде анықтайды. Бүгінде ереже бұзу фактілерінің 44 пайызы бейнебақылау камерасының көмегімен анықталып отыр. Жол бойына бейнебақылау орнату жол қозғалысы тәртібін реттеп қана қоймай, жол-көлік апатының алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар полиция қызметкерімен тікелей байланысудың қажеті жоқ», - деді Сәкен Сәрсенов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бейнебақылау камералары жол бойында болуы мүмкін басқа да заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Мысалы, жол бойында бейнебақылау камераларын орнатудың нәтижесінде 2019-2020 жылдары Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы санын 21,6%-ға азайтуға мүмкіндік берді (579-дан 454-ке дейін азайды). Қазіргі уақытта өңірлік Полиция департаменттері жол-көлік оқиғаларына талдау жасап, көлік апаты жиі болатын яғни қауіпті аймақтарды анықтап жатыр. Анықталған соң ол жерлерге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бейнебақылау камерасын орнату мәселесі шешіледі», - дейді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале