27.10.2021, 11:10
Оқылды: 52

Мекемелер арасында шағын футболдан жарыс өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  Сарыөмір ауылында мекемелер арасында шағын  футбол өтті. Спорттық шараға төрт команда қатысты. Олар - әкімшілік, мектеп ұжымы, төтенше жағдайлар мекемесі және мәдениет үйі.

IMG-20211027-WA0024

-Бізде жастар арасында спорттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Бұл жолы — мекеме қызметкерлері арасында өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы спортпен шұғылдануға шақырдық. Осы спорттық шараны ауылымыздағы жастар жетекшісі Рүстем Арыстановпен бірге ұйымдастырдық ,— дейді шара ұйымдастырушысы Шынтемір Тілешжанов.

Нәтижесінде, жалпыкомандалық есеп бойынша төтенше жағдайлар мекемесінің құрамасы І орынды жеңіп алды. Мектеп ұжымы ІІ орынды, әкімшілік ІІІ орынды бөлісті.  Сонымен қатар  «Ең көп доп соққан»  аталымы аясында ауыл әкімі М. Сұлтанов марапатталды. Ал Ж.Қонқашев  «Үздік қақпашы», Б.Жонасов  «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды. Ойын жеңімпаздарына арнайы медаль мен кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале