27.10.2021, 12:40
Оқылды: 73

Үй жануарларын серуендету мен тасымалдау ережесін бұзғандарға айыппұл күшейтілмек

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

4

Айта кетейік, жалпы отырыста бүгін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау, серуендету, аулау және жою ережелерін бұзғаны үшін 3-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Сонымен бірге, бұл бапта қаңғыбас жануарларды аулау, жануарларды есепке алу және өлтіру кезіндегі мұндай заң бұзушылықтар қамтылмаған және қорыта келгенде, жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жеке бап болған жоқ. Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы ілеспе заң жобасы жануарларға қатыгездікпен қарау әрі үйдегі және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, жансыздандыру қағидаларын бұзуға арналған жекелеген баптарды бөлу бөлігінде пысықталды», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасының 407-1 баптарында жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жеке тұлғаларға 5-тен 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген.

«407-2-баптың ұсынылған редакциясында үй және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, жансыздандыру ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін, заңды тұлғаларға 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Заң жобасын әзірлеу кезінде айыппұл мөлшерін анықтау бойынша халықаралық тәжірибе ескерілді. Мәселен, Германияда жануарларды серуендету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл 68 еуроны құрайды, бұл 33 мың теңге. Ресей Федерациясында 15 мың теңгеге тең айыппұл қарастырылған», - деді министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале