28.10.2021, 15:20
Оқылды: 59

Елімізде терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелді

2018-2020 жылдары ел көлемінде терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркеліп, жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Терроризмге қарсы орталық штабының бөлім басшысы Жанарбек Жаңабаев мәлім етті.

24

«Біз Қаржылық мониторинг агенттігімен террористік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы күресті бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Елімізде діни деструктивті ағымдарды қаржыландыру мәселесі басты назарда. Бұл бағытта ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, Бас Прокуратура, ҚР ҚМА және Қаржы министрлігінің Кірістер комитетімен бірлесіп күресу механизмі әзірленді. Статистикаға сүйенсек, 2018-2020 жылдары ел көлемінде терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркеліп, жолы кесілді. Аталған фактілер бойынша Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғалып, ол Бас прокуратураға дейін жеткізілді. Бұл орайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Биылдың өзінде экстремистік қылмысқа барған 3 азаматтың үстінен іс қозғалды», - деді Жанарбек Жаңабаев «Kazakhstan Security Systems -2021» атты республикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, құзырлы органдармен бірлескен аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Бұған дейін, Терроризмге қарсы орталық штабының өкілі «Жусан» операциясының нәтижесінде қазақстандық 77 әйел радикалды идеологиядан өз еркімен бас тартқанын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін елордада террористік қауіп-қатерге қарсы күрес тақырыбына арналған 8-ші республикалық конференция өтіп жатыр.

Аталған шарада қауіпсіздікті нығайту саласындағы бүгінгі ахуал мен тенденциялар ортаға салынып жатыр. Және конференция ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының ұйытқы болуымен өтуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале