Ертең, 30 қазанда Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында маусымашар қойылым.
Театрдың 29-маусымы Ш. Құсайыновтың «Томирис» трагедиясымен ашылады. Жаңа маусымның шымылдығын түрер қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Басты кейіпкер Томиристі ҚР Мәдениет саласының үздігі Хорлан Шәмелова сомдайды.
Спектакль кешкі сағат бесте басталады.