29.10.2021, 10:44
Оқылды: 56

«Жақсылықтары Алладан қайтсын!»

Қилы тағдырлы жандардың басы қосылып, бейқам өмір сүріп, бұйығы тірлік кешіп жатқан мекеменің бірі – Орал қаласындағы қарттар үйі. Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында аталмыш мекемеге барып, бірқатар қариялармен тілдескен едік. Өз кезегінде олар орталықтағы  күтушілерге, әлеуметтік қызметкерлерге алғыстарын айтып, ақ жарма тілектерін жеткізді.

60EA0DB0-6E9F-4B6D-9226-154C18A9ADCC

Жетпіс үш жастағы Исатай Молдашевтің осы орталықта тұрып жатқанына биыл алты жыл толыпты. Қолы қалт етсе, сөзжұмбақ шешіп, кітап оқиды екен.

– Адам өзінің болашағын болжай алмайды ғой. Тағдырдың бұйырмысымен  2015 жылы осы қариялар үйіне келдім. Өйткені ағайын-туысқа  масыл болғым келген жоқ. 1948 жылы Бөкей ордасы ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келдім.  Отбасын құрдым, жеті перзентім  бар. Бес ұл, екі қыз. Жұбайыммен жиырма бес жыл отастым.  Алайда менің мінезіме, қойған талабыма шыдамай, 1999 жылы зайыбым мен балаларым  кетіп қалды. Табиғатымнан қатты адаммын. Артынан іздеп бармадым да. Аналарымен ажырасып жатырғанда, ашумен  ұл-қыздарыма «Енді мені іздеп келмеңдер» дедім. Аман болсын да жүре берсін деп мен де оларды іздемедім. Олар да мені керек қылған жоқ. Солай  араласпай кеттік. Өткенге өкінгенмен, уақытты, жастықты кері қайтара алмайсың. Қариялар үйіне барамын дегенде, қарындасым, нағашы-жиендерім ренжіді. Бірақ ешкімге масыл болғым келмеді. Жағдайым жақсы. Уақтылы тамағымызды ішеміз. Теледидар қарап, сөзжұмбақ шешеміз. Ауырып қалып жатсақ, мейірбикелер көмек көрсетеді. Бізді қамқорлыққа алған мемлекетімізге және осы орталық басшысынан бастап барлық қызметкерге алғыс айтамын. Жақсылықтары Алладан қайтсын!, – дейді ол.

Гүлсезім Бияшева, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале