Жуырда БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ЖОББМ оқушылары арасындағы әскери-патриоттық ойын өтті. Ойын жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің спорт залында оздырылды.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу және Отан қорғауға дайындау, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту — шараның басты мақсаты. Оған облысымыздың 14 мектебі қатысты, әрбір оқу орнынан бір команда, құрамында төрт ойыншы болды.
Сайыста Шыңғырлау ауданының намысын қорғаған Госплемстанция ЖОББМ-нің «Жас сарбаз» командасы І орын алды. Оқушыларымыз жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді. Сондай-ақ қыз балалар арасында «АК-74 ММГ толық емес бөлшектеу және жинау» І орынды, «Мылтық ату» сайысы бойынша ІІІ орынды А.Халиоллиева, ер балалар арасынан Н.Биболатов І орынды және «Жалпы әскери қорғаныш костюмін кию» бағытында ІІІ орынды қанжығасына байлады. "Оқжатарды жарақсыздандыру, жарақтау" сайысы бойынша Н.Жайлыбаева І орынға ие болды.
Жүлдегерлерге алғысхат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz