29.10.2021, 12:29
Оқылды: 47

Күзгі марафон өткізіледі

31 қазан күні Орал қаласында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әр түрлі қашықтықта "AQJAIYQ MARATHON 2021" күзгі жартылай марафоны өткізіледі.

A04E04FE-9AD3-46FB-92A5-CFA3A9754C22

Марафонға қатысушылар uralskrunner.kz сайтын тіркелулері қажет.
Айта кетейік, 11 жастағылар мен одан үлкен тұрғындар 3 шақырымға, 15 жас және одан үлкендер 10 шақырымға, 18 жас пен одан жоғары қатысушылар 21,1 шақырымдық марафонға қатыса алады.
Жартылай марафонның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық, медальдар мен грамоталар табысталады. Старттық пакеттын құны - 3.900 теңгені құрайды
Күзгі жартылай марафон Орал қаласындағы П.Атоян ат. стадион, Рысқұлбеков к/сі, ½. мекен жайынан сағ.09:00 де бастау алады.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале