1.11.2021, 12:06
Оқылды: 43

Қазақстан мен Әзірбайжан арасында әуе қатынасы қайта ашылады

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 21 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021110110215759769_photo_2021-11-01_10-20-19

2021 жылғы 7 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Embraer Е190 – Е2 әуе кемесімен бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейспен Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясы 2021 жылғы 6 қарашадан бастап А – 319 әуе кемесімен сенбі күндері аптасына 1 рейспен Алматы-Баку бағытында ұша бастайды.

Әзірбайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Әзірбайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале