3.11.2021, 10:28
Оқылды: 51

Мәжіліс Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады.

211103105503998a3857107i
Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл жолғы рақымшылық шарасында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінгенін атады.

«Биыл егемен еліміз үшін елеулі кезең. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы әзірленіп, бүгін мақұлданып отыр. Әрине, рақымшылық мемлекет тарапынан жасалып отырған ізгі және сенім шарасы. Сондықтан бұл жолы да алдымен мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандар босатылады. Сонымен бірге осы заң жобасында алғаш рет әлеуметтік төмен топқа ерекше назар аударылып отыр», - деді Мәжіліс төрағасы.

Оның сөзінше, рақымшылық аясында жазадан босаған адамдардың қалыпты өмірге кірігуіне жағдай жасалмақ.

«Әрине, рақымшылық жасау бостандық берумен ғана шектелмейді. Одан кейін де ол адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және басқа да көмек көрсету мәселелері осы құжатта жан-жақты қаралды», - деді Нұрлан Нығматулин. Еске салайық, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық кімдерге берілетінін айтқан болатын.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале