3.11.2021, 15:50
Оқылды: 53

ХҚКО-ларда мыңдаған адам жүргізуші куәлігін сатып алған: ІІМ үндеу жасады

Ақмола және Қостанай облыстарының арнайы ХҚКО-ларында мыңнан аса жүргізуші куәлік сатып алғаны туралы ақпарат БАҚ-та тарап кетті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_89133 (1)

"Екі жылдан аса уақыттан бері полиция жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан алу барысына қатыспайды. Полиция қызметкерлері ведомстволық есепке алу бойынша жүргізушілерді тек құқықтан айыру және өзге де ақпарат тұрғысынан тексереді", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті өкілдері.

16+Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл жүргізуші куәлігін беру кезінде тұрғындардың полициямен байланысын барынша азайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жасалған. Қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар 43 пайызға азайған.

"Жол ережесін білмейтін жүргізушілер адамдар қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Сондықтан көлік тізгініне отырғысы келетіндер өздері үшін де, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін де жауапкершілікті сезінуі керек. Сіздерден сақ болуды сұраймыз. Жолдарда қырағы болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар", - деді ІІМ өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің азаматтарға жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихандарды тапсырмай-ақ өткені туралы бланкілер бергені туралы заңсыз қызметін әшкерелегені хабарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале