8.11.2021, 9:18
Оқылды: 44

Жаңа ойын алаңы ашылды

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Зеленое елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Тәуелсіздік тойына орайластырылған жаңа орын төртінші деңгейлі бюджет есебінен салынды.

1

Бүтін бір ауылды қуанышқа бөлеген алаңның ашылуына округ әкімі Масим Мусалимов, ауыл ақсақалдары, жергілікті бүлдіршіндер мен тұрғындар қатысты.

-«Nur Otan» партиясының тапсырмасына сай бой көтерген ойын алаңы ел игілігіне жарасын. Ауыл балалары бос уақытын жаңа заман талабына сай келетін арнайы орындарда өткізгені жақсы. Сол себепті салық түсімін тиімді жұмсап, көптен берге тұрғындардың сұранысын қанағаттандырудың сәті түсті. Өткен жылдан бері округте біраз жұмыс атқарылды әсіресе Мичурин ауылының көшелерін жарықтандыру және жол салу ісі шешімін тапты. Октябрь ауылына кірер жолды да жөндеп жатырмыз. Болашақта атқарылар жұмыс көп. Соның барлығын бірлесе шешуге тырысатын боламыз,-деді округ әкімі Максим Мусалимов.

Одан бөлек ойын алаңының ашылуына аниматорлар шақырылды. Ауыл тұрғындарының көңілін көтеріп, балалармен бірге асыр сап ойнаған ертегі кейіпкерлері шара соңында тәттілер таратып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.

Көптен бері жергілікті тұрғындардың бас ауруына айналған мәселені шешіп берген округ басшылығына зеленыйлық ағайын дән риза.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале