15.11.2021, 21:30
Оқылды: 41

Бөрліде 166 жас жұмысқа орналасқан

Бөрлі аудандық әкімдігінде болған аудандық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында жастардың жұмысқа орналасуы туралы айтылды.

жастарға қолдау

Аталған кеңес отырысында Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов өзі төрағалық етіп, кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жастар ресурстық орталығының әдіскері А.Аққалиева жұмыссыз және NEET санатындағы жастар, жалпы жастар орталығында атқарылған жұмыстармен, сондай-ақ "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының аудан көлемінде іске асырылуы туралы баяндама жасады.

Одан әрі Жарсуат, Приурал, Успен ауылдары және Бөрлі колледжі мен Ақсай техникалық колледждерінің жауапты мамандары сөз алып, жастар ісі бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы сөз етті.

Осы уақыт аралығында аудан бойынша 166 жұмыссыз жүрген жас, тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жаз мезгіліндегі "Жасыл ел" жастар еңбек жасағында 122 жас еңбек еткен болса, оның ішінде Ақсай қаласынан -60, Бөрлі ауылынан-13, Пугачев-13, Бумакөл-10, Жарсуат-11, Қанай ауылынан- 8 жас жұмыспен қамтамасыз етілген.

Өз кезегінде аудан басшысы мен қала әкімі алдағы уақыттарда студент жастарды бос уақыттарында еңбек етіп, қаржылай өз-өздерін қамтамасыз етулеріне ертерек, көктем айларында жұмыс бастау керек екендігін тілге тиек етті.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале