17.11.2021, 10:28
Оқылды: 67

2025 жылға дейін 81 мектеп салынбақ

Өңір тұрғындарының жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, оларды баспанамен,көгілдір отынмен, ауыз сумен, электр жарығымен қамту – маңызды мәселе. Сонымен қатар жергілікті халықты денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт нысандарымен толықтай қамтамасыз ету ісі де күн тәртібінен түскен емес. 

424b4cdd-9ae1-4f70-93dc-29b6f9a137ca

Бүгінге дейін өзектілі-гін жоймаған бұл түйіткілдер өңірімізде біртіндеп болса да өз шешімін тауып келеді. Әсіресе «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп, қара шаңырағында көсіліп жатуды кім армандамайды дейсіз?! Урбанизация үдерісі белең алған бүгінгі қоғамда баспана мәселесінің өзектілігі күшейіп, жоғарыда тілге тиек еткен тіркестің мәні арта түскені түсінікті. Осыдан тура бес жыл бұрын Үкіметтің «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын бекітудегі басты мақсат – халықтың баспаналы болсам деген арманын ақиқатқа айналдыру болатын.

Баспанамен қамтудың қарқын алғандығын бір кездері ен дала болып, бос жатқан жерлерден бой көтерген шағын аудандардан-ақ анық байқауға болады. Шаһар маңынан қаз-қатар бой көтерген көп қабатты тұрғын үйлер, аудан-ауылдардың кіре берісіндегі алыстан көз тартатын жаңа шағын аудандар да соның айғағындай.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нүркен Молдашевтың берген мәліметіне сүйенсек, биылдың өзінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында Орал және Ақсай қалаларында 1784 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар облыстың аудан-ауылдарында 716 отбасын баспанамен қамтитын 108 тұрғын үй салынуда. Оның сыртында алдағы уақытта тұрғын үй салынады деп жоспарланған 46 жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілер тартылу үстінде.

acb4fc06-f476-48ec-a0cb-cadd100ea871

– Биылғы жылдың қорытындысымен Орал және Ақсай қалаларындағы 680 пәтерлі бес қабатты және аудан-ауылдардағы 425 пәтерлі 93 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланды. Яғни жыл соңына дейін баспанаға мұқтаж 1105 отбасы қоныс тойын тойламақ. "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы тұрғын үй салу жұмыстарына биыл 18,0 млрд теңге қаражат бөлінді. Жалпы, жоспар бойынша биыл 586,7 мың шаршы метр баспана берілуі керек болатын. Он айдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздерінен бөлінген қаражат есебінен 418, 2 мың шаршы метр баспана берілді. Жыл соңына дейін бірнеше пәтердің кілті иелеріне табыс етіледі, – деді Нүркен Еділұлы.

Соңғы жылдары өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары да қарқын алуда. Мамандардың айтуын-
ша, бүгінгі таңда облыс халқының 284 мыңы немесе 88,4%-ы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар 26 мыңнан астам өңір тұрғынын қамтитын 21 елді мекенге таза ауыз су тарту немесе су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытқа 5,3 млрд теңге қаражат қарастырылған. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржы есебінен тоғыз елді мекенде кешенді блок-модульдерді ор-нату жұмыстары атқарылуда. Жоспарланған жұмыстар сәтті іске қосылған күнде облыс халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 89,8%-ға жетпек. Келер жылы жалпы құны 4,9 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

– Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтауға, жас жеткіншектердің сапалы бі-лім алуларына, салауатты өмір салтын ұстануларына да аса мән берілуде. Бұл міндеттерді орындау туралы Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауында да  айтылып, нақты тапсырмалар беріледі. Биыл облыс бойынша екі денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл бағытқа 301,5 миллион теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар қаржыландырудың барлық көздерінен қаралған қаражат есебінен 10 білім нысаны салынуда. Олардың екеуі республикалық бюджеттен бөлінген субвенция есебінен, төрт мектеп "Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында, екі мектеп жергілікті бюджет есебінен, екі білім нысаны жеке инвестордың қаржысына бой көтеруде.  Аталған он мектептің төртеуі облыс орталығында, қалған алтауы аудан-ауылдарда салынуда, – дейді Нүркен Молдашев.

Маманның мәлімдеуінше, жыл соңына дейін Орал қаласындағы №33 пен №18 мектептерге және Янайкин ауылындағы мектепке жалғасып салынып жатқан қос қабатты қосалқы ғимараттың құрылысы аяқталмақ.

10

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай елде жаңадан 1 мың мектеп салынуы қажеттігін, әсіресе, ауылдарда толық кешенді білім ошақтары пайда болуы керектігін айтқан болатын. Мамандардың айтуынша, осы жылдар аралығында облыс бойынша 81 жаңа білім ошағын салу жоспарланған. Оның 61-і шағын құрамды мектептер болса, 20-сы 300-ден көп оқушыны қамтитын білім ошақтары болмақ. Келер жылдың өзінде 16 шағын, алты үлкен мектептің құрылысын бастау жоспарланған.

Сондай-ақ мәдениет саласын жетілдіре түсу үшін Шыңғырлау ауданының Тасмола ауылында мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Ал Сырым ауданының Жымпиты ауылында бос тұрған ғимаратты жөндеп, мұражай ретінде жабдықтау жұмысы қолға алынған. Жалпы құны 368,5 миллион теңге болатын қос жобаны желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.

dd9ecc25-c863-4bd0-adfc-bb300affb5d1

– Өңір тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты айналысуы үшін аудан-ауылдарда дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтеруде. Биылдың өзінде "КПО б.в" қаражаты есебінен Теректі ауданының Подстепный ауылында, Казталов ауданының Жалпақтал ауылында және Жәнібек ауданының орталығында үш бірдей спорт кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар Зашаған кентінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Ақжайық, Шыңғырлау аудандарының орталықтарынан салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің де құрылысы қарқынды. Ал Каз-талов, Тасқала аудандарының орталықтарындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы бойынша тендр жүргізілуде, – дейді Н. Молдашев.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале