17.11.2021, 17:05
Оқылды: 49

Армения мен Әзербайжан шекарасында ірі қақтығыс болды

16 қарашада Армения мен Әзербайжан шекарасында ірі қақтығыс болды. Екі жақта да қаза тапқандар мен жараланғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

photo_89819

Қақтығыс кезінде тараптар авиациядан басқа әскери техниканың барлық түрін пайдаланған.

Армения сыртқы істер министрлігі Әзірбайжан қарулы күштері шекараның шығыс бөлігіндегі елге басып кіргенін хабарлады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі өз кезегінде Армения қарулы күштерін Армения-Әзербайжан шекарасындағы жағдайды ушықтыру мақсатында "тағы бір арандату әрекетін" жасады деп айыптады.

"Әзербайжанның қарулы күштері шұғыл әскери операция жүргізді", - деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Біріншіден, жаудың қозғалысы шектелді, қарсыластың күштері мен құралдарына зиян келтірілді. Қабылданған шешуші шаралардың нәтижесінде армян әскерлері қарусыз қалып ұсталды, әртүрлі қару-жарақтары алынды.

Ауқымды арандатушылық арқылы қысқа мерзімде жеңіске ұмтылған армян әскери бөлімшелерінің шабуылы, жедел-тактикалық тұрғыдан толық сәтсіздікке ұшырады, ал ресми Ереванның арандатушылыққа барудағы кезекті әрекеті сәтсіз аяқталды", - деді haqqin.az порталы.

Ресей Қорғаныс министрлігі соғыс министрі Сергей Шойгу мен оның армян және әзірбайжан әріптестерінің телефон арқылы сөйлесуінің нәтижесінде тараптар шайқасты тоқтатқанын хабарлады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян сейсенбі күні кешке Армения-Әзербайжан шекарасында қазір салыстырмалы түрде тыныш екенін, бірақ жағдай шиеленісіп тұрғанын айтты.

Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен Пашинян шекарадағы соңғы оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндап, "Әзербайжан күштерінің әрекеті Арменияға қарсы агрессиядан басқа ештеңе емес" деп баса айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале