17.11.2021, 18:50
Оқылды: 41

Білімділер бақ сынады

Бүгін Қаратөбе ауданында Алаш және Қайыржан Хасанов музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» облыстық фестивалі аясында колледж студенттеріне арналған «Тәуелсіздік шежіресі» зияткерлік викторинасы өтті.

CFA930FF-0A92-4D77-8A57-24DC6478FFD8 

Аталған шара келген қонақтарға музейді таныстырумен басталды. Сайыстың алғашқы құттықтау сөз кезегі БҚО білім беруді дамыту орталығы басшысының орынбасары Нұрлан Сабировқа берілді.

– Осы отырған әрқайсысымыздың жүрегімізді «қазақпын», «қазақстандықпын» деген мақтаныш сезімі кернеуі керек. Сондықтан  да бүгінгі өтіп жатқан шарамыз Тәуелсіздікті дәріптеуге арналған. Бүгінгі сайысқа қатысушыларды Студенттер күнімен  құттықтаймын! Елдің болашағы сіздер, мемлекетіміздің өркениетті ел болуына әрқайсыңыз үлкен үлес қосады деген сенімдеміз. Жас қатысушыларға бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін, - деді.

C1BD3BE1-7572-4C9F-889B-D05736683668

Шара Қаратөбе колледжнің ІІ курс студенті Айқын Қылышбаевтың орындауында «Мен қазақтың ұлымын» әнімен жалғасты. Сайыста Бөрлі, Сырым, Шыңғырлау, Қаратөбе ауданының студенттері бақтарын сынады. Қатысушыларға тәуелсіз Қазақстан тарихы, географиясы, астаналары, мәдениеті мен спортына байланысты сұрақтар қойылып, жүзден жүйріктер анықталды. Қаратөбе колледжінің студенттері қарсыластарынан оқ бойы озық болып, жеңіске жетті. Жеңімпаздарға сертификат беріліп, келесі турда да бақ сынау бұйырды.

D8C0A1BB-81B0-465D-B7F5-94AD7479F7EC

A047FABE-592D-4E82-B463-DC5C5F2CBD51 

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале