19.11.2021, 10:36
Оқылды: 89

Гүлдара - жылдың ең үздік жас кітапханашысы

Кітапхана – пайдаланушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар.

Осы орайда, Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстанның көрнекті кітапхана қайраткері Н. Дәулетованың 95 жылдығына орай «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауы өтті.

12

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен байқауға республикамыздың әр өңірінен кітапханашылар бақ сынап, біліктілігін сынға салды. Мамандығын мәртебе санайтын қызметкерлер өз қызметтеріне деген адалдығы мен жауапкершіліктерін танытты.

Сайысқа облыстан топ жарған Жәнібек ауданы Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлдара Өтемісова қатысты. Жарыс қорытындысында Гүлдара Фархатқызы жүлделі 1-орын алды. Сөйтіп жерлесіміз «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» атанды.

Ә. Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале