19.11.2021, 17:40
Оқылды: 70

БҒМ-да психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылды

Психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің мамандарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова Facebook парақшасында мәлім етті.

80bc7fd8d6a5c3d0bc7df8a74355d6a5

Вице-министрдің атап өтуінше, инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін 60 мыңнан астам бала білім алып, тәрбиеленуде, оның ішінде орта мектептерде 40 мыңнан аса оқушы білім алып жатыр.

Биыл «Білім туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізілгенін айтқан болатынбыз. Осы орайда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша арнайы жағдайларды қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтері құрылды, - деді Қаринова.

Сонымен қатар вице-министрдің мәлімдеуінше, жалпы білім беретін мектептер базасында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп инклюзияны қолдау кабинеттері мен ресурстық орталықтар құрылған.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы базасында Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын үйлестіру үшін «Дара» ЖҚ бірлесіп, Самұрық-Қазына Трастының қолдауымен Ресурстық орталық ашылды, - дейді Шолпан Қаринова.

Қаринова биыл қыркүйек-қазан айларында білім мекемелерінің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша, сүйемелдеу қызметі мамандарының құжаттамасын жүргізу бойынша семинарлар өткізілгенін атап өтті.

2020 жылдан бастап арнайы білімді қажет ететін балаларды сүйемелдеу бойынша педагог- ассистент штаттық бірліктерін ашқанымызды хабарлаған болатынбыз. Қазір 1 мыңнан аса педагог-ассистенттер жұмыстарын бастады. Осы мамандар үшін қазан айынан бастап біліктілікті арттыру курстары іске қосылды. Бүгінге 150 маман оқып шықты. Педагог-ассистенттерге арналған арнайы тәжірибелік семинарлар циклін бастадық. Олар барлық педагог-ассистенттерге қолжетімді. Туындаған сұрақтарға Ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың беделді мамандары жауап береді, -деді ол.

Оның айтуынша, апта сайын мектептер үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу бойынша кеңес беру күндері өткізіледі.

Заңға енген жаңа нормаларды іс жүзінде іске асыру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале