Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жәнібек аудандық білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысты өткізу мақсаты – Тәуелсіздігіміздің құндылығын дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа 13 команда, соның ішінде он мектеп командалары, бір мектепке дейінгі білім беру ұйымының командасы, бір қосымша білім беру ұйымының командасы және бір М.Ықсанов атындағы колледж командасы қатысты.
Кәсіподақ ұйымдары арасындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтіп, жеңіске жеткен командалар анықталды. Олар: М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі – 1-орын, М.Ықсанов атындағы колледж – 2-орын, ал 3-орынды Қосымша білім беру ұйымынан жасақталған командасы иеленді.
М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері Е.Ерлановқа «Үздік шабуылшы», Н.Губайдуллинге «Үздік тосқауылшы» номинациялары және мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Н.Мизамбаевқа «Үздік қорғаушы» номинациясы берілді.
Жәнібек аудандық кәсіподақ төрайымы А.Нургалиева волейбол жарысынан жеңіске жеткен командаларды кубок, медаль, диплом және сыйақылармен марапаттады.
БҚО Кәсіподақтар орталығы