22.11.2021, 12:00
Оқылды: 50

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды

Уле-Гуннар Сульшер қызметінен кетті. Бұл туралы «Манчестер Юнайтед» клубының ресми сайты хабарлады. 

533036d62281075c6c174e04ea66a4cf_resize_w_742_h_365

 Енді команданың бас бапкері қызметін уақытша Майкл Кэррик атқарады. Дегенмен, клуб басшылығы "Қызыл сойқандармен" осы маусымның соңына дейін ғана жұмыс істейтін тәжірибелі жаттықтырушы табуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Сульшер "Манчестер Юнайтед" клубын 2018 жылы қабылдаған болатын. Норвегиялық маманның жетекшілігімен клуб өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, «Вильярреалға» жол берді.

Ал Англия премьер-лигасының биылғы маусымында 12 ойын өткізіп, 17 ұпай жинады. Қазір турнирлік кестеде 7 орында тұр.

NEGE. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале