Ақжайық ауданы Чапаев ауылында грэпплингтен облыс чемпионаты өтті. БҚО грэпплинг спорттық күрес федерациясы ұйымдастырған жарысқа әр өңірдің үздік спортшылары қатысты.
2008-2010 жылдары туған балалар, 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер, 2004-2006 жылдары туған кадеттер және 2001-2004 жылдары туған қыздар арасында өткен байрақты спорт додасында бәйтеректік спортшылар да өнер көрсетті.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында Ахмет Бижанов үшінші, Висани Артаев екінші орын иеленсе, Ерлан Мұхит облыс чемпионы атағына қол жеткізді.
Жалпы Бәйтерек ауданында спорттың осы түрі жақсы дамып келеді. Аудан спортшылары – еуропа және әлем чемпионаттарының тұрақты қатысушылары. Елішілік додаларда да сәтті өнер көрсетеді. Енді грэпплинг дами түседі деген ойдамыз.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz