26.11.2021, 9:17
Оқылды: 40

«Астана балет» – «Атамекенде»

Желтоқсанның 8-інде «Астана балет» театрының шығармашылық ұжымы Орал қаласына гастрольдік сапармен келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Атамекен» өнер ордасында ұлттық хореографияның үздік үлгілері паш етіліп, бір актілі неоклассикалық балет қойылады.

1

Бірінші бөлімде театрдың әйгілі «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, елімізде қазақ биін қоятын үздік хореографтардың бірі Айгүл Тәтидің туындылары енген. Аудармасы «баяу жалын» деген мағына беретін «A Fuego Lento» - аргентиналық ұлы композиторлардың музыкасына қойылған, бразилиялық самбо мен танго элементтері бар балет. Бұл қойылым арнайы шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің ғашық жандардың бойын билеген ыстық сезімі жайлы еркін қиялынан туған. Туынды Ковент-Гарден Корольдік театры (Лондон), Линкольн-орталық (Нью-Йорк), Гримальди Форум Монако (Монте-Карло) және өзге де әйгілі сахналарда көрсетіліп, көрерменнің зор қошеметіне бөленген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале