2.12.2021, 15:44
Оқылды: 45

БҚО-да 1200 шақырым жол салынды

Тәуелсіздік жылдарында БҚО-да барлығы 1200 шақырым жол салынған. Бұдан бөлек 2 мың шақырымнан астам жол жөңделіп, 6 көпір жабдықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Ғ.Есқалиев мәлім етті.   

17

-Бұрын облыс орталығымен жол қатынасы қиын болған аудандарға жол салынды. Қазіргі таңда қалған екі аудан орталығына жол салу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары ауа райының қолайсыз болуынан кешігіп басталды. Сонымен қатар құрылыс материалдарының қымбаттауы, пандемия мен мердігер мекемелердің өз міндеттемелерін орындамауы да аталған жұмыстарға өз әсерін тигізді.

Өз міндеттемесін орындамағаны үшін «Теміржол жөндеу» мердігер компаниясымен келісімшарт бұзылды.

«КазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының жоспарына сәйкес құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады ,- деді Ғ.Есқалиев.

Аймақ басшысы Ғ.Есқалиев келтірген деректерге сүйенсек, осы жылы өңірде 324 шақырым жолдар жөңдеуден өткен.

Үкіметтің қолдауымен «Атырау-Орал» жолын кеңейтуге және Орал қаласының айналма жолы құрылысына қаражат бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Көлік инфрақұрылымына келер болсақ, облыс орталығында жеке инвестициялар есебінен автобекет қайта жаңғыртылған.

Жуырда халықаралық әуежайды қайта жабдықтау жұмысы аяқталатын болады.

 

Жанбота Жәрдемова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале