2.12.2021, 16:30
Оқылды: 43

Еске алу шарасы өтті

1993 жылдан 2003 жылға дейін мемлекетаралық уағдаластықтарға сәйкес Тәжік-Ауған шекарасының аймағындағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыртқы шекараларын қорғау жөніндегі міндеттерді орындаған Тәжікстан Республикасынан атқыштар батальоны жеке құрамының шығарылғанына биыл 20 жыл толды. Осыған орай, бүгін «Батырлар аллеясында» Тәжік-Ауған шекарасының шебінде қаза тапқан батырларды, шекарашыларды еске алу шарасы өтті.

24

Шарада аудан бойынша шекара басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Қуанышбек Нүсіп сөз сөйледі.

-1994 жылдың күзінде болған шайқас шекара қызметінің тарихында мәңгі қалды. 1994 жылдың 28 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының Хорог шекара жасағы орналасқан аймақта Тәжікстан оппозициясының содырларымен ауыр әскери қақтығыс болды. Олар Висхор шатқалындағы бесінші және алтыншы шекара заставаларының түйісу бағытында мемлекеттік шекараны бұзып, Ауғанстанға өтпекші болған. Осы шайқаста кіші сержант Раджан Батырханов ерлікпен қаза тапқан. Р.Батырхановтың ерлігін есте сақтауды көздеген игі мақсаттармен бүгінгі салтанатты шара Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған, - деді ол.

25

Шара барысында гүл шоғы қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале