2.12.2021, 17:30
Оқылды: 28

Дініміз бірлікке шақырады

Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктерімен байланыстар жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтті.

30

Бұл шараға Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, кеңес мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталмыш кеңестің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Мерей және Мереке ауылдық округтерінің әкімдері дін мәселесі жөніндегі ақпараттық жұмыстары, жастар арасындағы терроризм және діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар ұлттық –құндылықтарды және отан сүйгіштікті насихаттау мәселесі жайында баяндады.

29

Тасқала аудандық мұсылмандар мешітінің 2021 жылы атқарған қызметі туралы Тасқала аудандық мешітінің имамы Құлтөре Нәжмитдинов баяндап берді. Аталмыш кеңестің соңғы мәселелері бойынша аудандық діни ахуал және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстары және діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің  хаттамалық шешімдердің орындалу барысы 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту жайлы Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазиз баяндады. «Дін» немесе «саясат» деп бөлінуге дайын тұратындар – өз Отанын сүймейтіндер. Мұхаммед пайғамбардың өзі: «Біріккенге береке бар, ыдырағанға азап бар» дейді. Яғни, исламның да көздегені – бірлік! Сол себепті, біздің діни ұстанымымыз – ел бірлігі болуы тиіс.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале