3.12.2021, 12:10
Оқылды: 46

Доллар қымбаттап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,40 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 436,22 теңге болды.

Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 435,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,98 теңгеден сатылса, сатып алу – 439, 01 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 437,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 439,00 теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале