6.12.2021, 12:30
Оқылды: 44

Жас каратэшілер бәсекесі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде 6 және 18 жас аралығындағы ұл-қыздар арасында каратэ додадан облыстық ашық турнир өтті. Спорттық додаға 10 команда қатысып, 150-ден астам спортшы бақ сынады.

31

Өңірдің ең мықты командалары сапында жаттығатын балғындардың спорттық сайысының ашылу салтанатында Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев қатысушылар мен жаттықтырушылар құрамын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

33

Спорттық каратэ денесі шымыр, рухы өр жас буынды тәрбиелеп келеді. Шығыс жекпе-жегінің бұл түрі жасөспірімдер арасында кең тараған. Тәуелсіздік күніне орайластырған сайыс болашақ чемпиондарға үлкен спортқа жолдама болмақ.

29

Жарыс қорытындысында 6-7 жас аралығындағы спортшылар сынында Ангелина Головатова, Азылзат Гаппар, Алим Жалмурзин сынды каратэшілер үздік деп танылса, 8-9 жас аралығындағы каратэшілер бәсекесінде Адэля Мерсатова, Томирис Құрметова, Роман Острец, Байсал Еслямов сияқты спортшыларға тең келер жан болмады.

30

Одан бөлек  10-11 жас аралығында  Мадияр Жүнисәли, Арлан Иргусаев, Айзере Аралбай, Бақыт Қуаныш, 12-13 жас аралығында Мерлан Шегербаев, Габдулла Габдуллин, Регина Тугаева, 14-15 жас аралығында Али Жалмурзин, Владислав Качурин, 16-17 жас аралығында  Жангүлім Есболова, Әділет Бержанов сынды спортшылар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерлсе, 18 жастан жоғары каратэшілер тартысында Нұржан Тоқсанов, Николай Сеннов, Аида Имаканова, Анаргул Шолакова сынды спортшылар шаршы топты жарып шығып, жеңіс тұғырынан көрінді.

32

Ал жалпыкомандалық сында Бәйтерек ауданы бірінші, Орал қаласы екінші, Тасқала ауданы үшінші орынды иеленді.

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале