9.12.2021, 12:00
Оқылды: 61

Цой Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрлігінде де жаңажылдық корпоратив өтпейтін болдыДенсаулық сақтау министрі Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1ec07ee0a4e04829a0fceecc577832e0

-Жаңа жыл – отбасылық мейрам, сондықтан, адам санын шектеген дұрыс. Вирус жоғалған жоқ. Өкінішке қарай, әлі де таралып жатыр, ауру мен өлім-жітім жағдайлары әлі де бар, сондықтан сақтанып, мейрамды отбасыңмен ғана тойлаған жөн, - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Алексей Цой ауқымды іс-шаралардың өзін шектеу қажеттігін айтты.

- Ауқымды іс-шараларды да шектеген жөн. Нақты талаптар бар, жиналған күннің өзінде вирус жұқтырмау үшін аз адам ғана болғаны дұрыс. Өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, күнде мектептер жабылып жатыр. Жалғыз жол - вакцинация, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале