8.12.2021, 11:30
Оқылды: 161

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті

Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15

Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Маминнің Президентке берген есебінде айтылады.

Қазақстанда өткен ұлттық санақтың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам.

Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале