ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Оқушылар сарайының 5 жылдық «Мерейлі мереке» атты концерттік кеші Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды.
Оқу жылының басында кастинг арқылы актерлік қабілеті бар, өнерге деген құлшынысы бар дарынды балалар мен жасөспірімдер «Макашева театры» драма үйірмесіне қабылданды.
Міне, енді бүгінгі күні өнерлі балалар үлкен сахнада Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өз шеберліктерін көрсетті.
Г.Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымының премьерасымен «Мақашева театры» ресми түрде ашылды. Қойылым көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Театрдың жас өнерпаздарының алғаш сахналық қойылымы балаларға арналған туынды болатын.
«Қара шекпен» қойылымын тамашалаған көрермендер, әсіресе жас актерлердің шеберлігіне тәнті болды. Қысқа уақытта мектеп оқушылары арасынан қабілетті оқушыларды жинап, оларды театр өнеріне баулыған Эльмира Мақашева әріптесіміздің жұмысы, оқушылар сарайының 5 жылдық мерейтойына бағалы тарту болды десек те болады.
Пьеса авторы - Гергий Хугаев, қазақ тіліне аударған Қазақстан журналистер одағының мүшесі Құжырғали Төлеуішов.
Қоюшы режиссер: Эльмира Макашева ҚР мәдениет саласының үздігі.
Басты рөлдерді сомдағандар:
Шопан - Нуфтыгалиев Арсен.
Тұзар - Ерболат Алишер.
Бэ-бэ - Қайыржан Нұрлыбек.
Кико - Тлекқабылова Аружан. Курмангалиев Алиислам.
Көкжал қасқыр - Жусупов Нұрдәулет.
Көкшулан - Елдосова Наргиза.
Қоян - Меңдешева Дана.
Түлкі - Меңдібаева Айкөркем.
Қарға - Кенжетай Кенесары.
Суретші костюмер - Алгалиева Гүлдерай.
Суретші - Тлемберлиева Алина.
Музыкамен әрлеуші - Қажымов Ержан, Рауль Бишаев.
Алғашқы үлкен сахнада өнер көрсеткен жас актерлерге шығармашылық табыс тілейміз!
zhaikpress.kz