13.12.2021, 21:36
Оқылды: 119

Оралда «Ұлы дала өрнектері» атты шеберлік сағаты өтті

13 желтоқсан күні Орал қаласындағы Салтанат сарайында Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Атамұра» және «Ақжелкен» балалар аула клубтарының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жергілікті қолөнершілер арасында «Ұлы дала өрнектері» шеберлік сағаты өтті.

IMG-20211213-WA0095

Өңірдегі қолөнер кәсібін дамыту, қолөнершілерге қолдау көрсету, сонымен қатар отандық қолөнер бұйымдарын өндірушілердің жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға домбыра жасау шебері Е.Нәбиев, қолөнершілер Л.Құдабаева, Р.Надырғожин, А.Халықова, Б.Қанатова, С.Дүйсенбаева, Ж.Самарханова сынды жергілікті шеберлер қатысып, өздерінің жасаған бұйымдарын көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстырып, келген қатысушыларға шеберлік сағаттарын өткізді.

IMG-20211213-WA0099

Қолөнер шеберлері өзара пікір алмасып, ұлттық қолөнердің маңыздылығына да тоқталды.

Шара барысында қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің басшысы С.Тоқмамбетов қолөнер шеберлерін алғысхатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

IMG-20211213-WA0094

Сонымен қатар «Атамұра» балалар аула клубының «Домбыра-дастан», «Еркеназ» ансамбльдері күй тартып, ән шырқаса, «Ақжелкен» балалар аула клубының «Еркетай» би ансамблі мың бұрала би билеп, «Болашақ» ән тобы әдемі ән шырқады.

IMG-20211213-WA0093

 Эльмира Есқайрова,

«Ақжелкен» балалар аула клубының үйірме жетекшісі

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале