Әрдайым игі істердің басы-қасында жүретін январцевтық жеке кәсіпкер Сергей Решитников ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай округке қарасты Январцев, Красноармейский, Кирсанов, Чинарев, Спартак ауылдарында тұратын 34 тыл ардагеріне азық-түлік себетін жолдап, тосынсый жасады.
Кәсіпкер иелеріне әкімдік мамандары апарып берді. Ел ардагерлері құрмет көрсеткен Сергей Владимировичке жылы лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін жолдады.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы