Жуырда Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Ғазиза Сүлейменованың бастамасымен Орал қалалық білім бөлімі жанындағы мектептен тыс жұмыс орталығының бөлімшесі «Шабыт» балалар-шығармашылық орталығында пікірсайыс қозғалысы бойынша жолдастық кездесу өтті.
Кездесу барысында Орал қалалық мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Тілек Қуанышкеревпен Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Ғазиза Бекжанқызы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, әрі қарай дебат ойынымен жалғасты.
Пікірсайыс алаңында оқушыларға «Ел жастарының мемлекет алдында моральдық міндеттемелері бар деп есептейді» тақырыбы беріліп, «Американдық Парламенттік» формат негізінде өтті. №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Саясат Жарасов пен Жаңақала мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Гүлмаржан Ғиниетолла жақсы өнер көрсетіп, өз білімдерін ортаға салып, креативті ойлай алатындықтарын дәлелдеді.
Кездесу соңында екіжақты ұйымдастырушылар тәжірибе алмасу мақсатында оздырылған пікірсайыс ойынына қатысқан оқушыларға және жетекшілерге алғысхаттар табыстап, өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Жарас Садық,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz