23.12.2021, 9:10
Оқылды: 12

Санитариялық талаптарды әлі де сақтау керек – Премьер-Министр

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау шараларын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211222104207a3876881d«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деуге болады. Инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктемесі – 19 пайызды құрап отыр. Жасыл аймақта – 15 өңір, сары аймақта 2 өңір бар: бұл Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Дегенмен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, әсіресе мемлекеттік шекарада мұқият қадағалау қажет», - деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатқанын айтты. Әлемде вирустың жаңа штамының тез таралуына байланысты ғимараттардың ішінде, қоғамдық көлікте маска кию, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет. «Қазіргі уақытта шамамен 9 млн адам бірінші компонентті салдырды, бұл 18 жастан асқан халықтың 80 пайызына жуығы, ал 8,4 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды, бұл – шамамен 75 пайыз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцинациялау және ревакциналау қарқынын ұлғайтуға ерекше мән беруі тиіс», - деді Асқар Мамин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале