23.12.2021, 20:56
Оқылды: 40

Айтулы күнгі арнайы қабылдау

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы қабылдау өткізді.

CBCC1039-DD60-4EE6-AC6D-8DA2E12F5AD1

− Архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні кеше белгіленсе де біздің ауданның мұрағат ісі Жәңгір ханның заманынан басталады. Реформатор, көреген саясаткер Жәңгір хан мұрағат ісі, құжат айналымын сауатты ұйымдастыруының арқасында бір кезеңнің тарихы хатталып, бізге жетіп отыр. Сол ізгі істің бүгінгі мұрагерлері сіздердің жұмысыңыз да жеке адамнан бастап, қоғам үшін маңызды. Ауданға келгелі аз уақыттың ішінде аудандық архив қызметкерлерінің ыждағатты ісі, жауапкершілігі үшін бір емес, бірнеше адамнан алғысын естідім. Бұл да үлкен мәртебе. Қазіргі архив қызметі үшін үлкен міндеттер белгіленген. Ауданның тарауына байланысты көрші аудандарға тарап кеткен құжаттарды түгендеу, қолда бар құжаттарды цифрландыру міндеті тұр. Өткен күн − бүгінгі тарихымыз. Тарихты түгендеудегі ісіңізге табыс, отбасыңызға береке, дендеріңізге саулық тілеймін,− деді.

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, "Нарын шуағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжиян Бисекеновалар да мейрам иелерін құттықтап, игі тілектерін білдірді.

Аудан архивін басқарған Қали Нұғыманов, Чарлиз Қойшыбаев, Бекқайыр Қарағойшин, Асылбек Сәрсенғалиевтердің де есімдері аталып, естеліктер айтылды.

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов аудандық мұрағат бөлімінің басшысы Қуаныш Елемесовке ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Құрмет грамотасын табыс етіп, архив қызметкерлерін алғысхатпен марапаттады.

Ұжым басшысы арнайы қабылдау өткізіп, ілтипат танытқан аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале