Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4-шағынаудан 30-үйде болды.
Күшті жел («Қазгидромет» мәліметі бойынша екпіні секундына 23 метрге жеткен) бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірген. Үйдің жалпы ауданы - 1260 шарщы метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр.
Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген.